Мәнті

1 час 20 минут и  7 порций


Ингредиенты

Описание

Мәнті әр түрлі фаршттан дайындалады. Соның ішінде ең көп тарағаны - ет мәнті, әсіресе қой етінен дайындаған мәнті. Өйткені қой еті тез піседі.

Способ приготовления

  • 1.Әдетте, мәнті пісіру үшін фарш дайындау керек. Ол үшін осы мақсатқа арналған ет өте ұсақтап туралады. Оған мүмкіндік болмаса ірі көзді ет тартқышпен тартылады. Ет семіз болмаса ұсақтап туралған құйрық май, сақиналап кесілген пияз (ұсақтап турауға да болады) салынып, тұзды су құйылады. Бұрышталады. Жақсылап араластырылады. Дәмді болу үшін лавр жапырағы мен түйір қара бұрышты суға салып қайнатып, салқындаған соң фарштың үстіне керегінше құюға да болады.
  • 2.Сөйтіп мәнті фаршы салынған ыдыстың қақпағы жабылып қойылады да қамыр дайындалады. Ол үшін ұнға тұзды су құя отырып, қамыр иленеді. Қатты етіп әбден иін қандырған соң ол дымқыл орамалмен жабылып қойылады. Біраздан кейін тағы да аудармалап, иін өандыра түскен дұрыс.
  • 3.Содан соң шетінен кішкентайдан үзіп алып, ұнға аунатылады да шелпек сияқты етіп оқтаумен жазылады. Бұл шелпектердің шеттері ортасына қарағанда жұқалау болуға тиіс. Сонда фарш қаусыруға ыңғайлы болады. Әрі пісуі де жеделдейді. Егер аспаздың бұлай еткісі келмесе иленген қамырды күлшелеп, етке салатындай етіп жазуға да болады. Ол кезде пышақпен төрт бұрыштап немесе жұқа стаканның кенересімен дөңгелектеп кесуге тура келеді.
  • 4.Сонымен фарш та, қамыр да дайын болғаннан кейін дөңгелек не төртбұрышты қамырдың, не шалпектің үстіне көз мөлшермен фарш салынып, жиектері қаусырылады да саусақтың ұшымен шымшып жабыстырылады. Керекті мөлшерде осылай дайындалған мәнті қасқанның (мәнті пісірілетін кастрюльдін) май жағылған шілтерлі табақшаларына қатарлап, бір-біріне тигізбей салынып, астыңғы табақшасында қайнап жатқан сорпаның немесе судың буына 40-45 минут пісіріледі.
  • 5.Дайын мәнті табақшаларға салынады да, бетіне ұнтақ қара бұрыш немесе сондай қызыл бұрыш себіліп, дастарқанға әкелінеді. Кейде зерен кесеге салынады да, үстіне тұздығы құйылып беріледі.
Asylzhanka
рейтинг: 279
Понравился рецепт? Поделитесь с друзьями
Tweet
Нравится

С этим блюдом можно приготовить

Қазақша сорпа
65 минут
Құймақ
40 минут
Қуырған бидай
20 минут

Похожие рецепты

Пельмени из оленины

Существует великое множество рецептов приготовления пельменей, если у вас с оказией окажется оленина, этот рецепт...

01:003
ВладимирРейтинг 107
Пельмени из конины

Один друг подарил мне немного конины, другой замечательную форму для пельменей. В итоге получились отличные...

00:504
ВладимирРейтинг 107
Бораки с брынзой

Бораки - армянские пельмени. Обычно готовятся с фаршем, который предварительно обжаривают, мы же приготовим с...

00:303
МагияКухниРейтинг 434
Равиоли

Домашние равиоли способны вмиг повысить ваши изысканные кулинарные навыки. Вы можете наполнить их сыром, мясом...

01:304
VkusnotaРейтинг 1402
Вареники с картошкой

Вареники с картошкой - еда простая, но сытная. А сделанная руками, да с любовью, становится...

01:006
VkusnotaРейтинг 1402