Описание
Құймақ — қышқыл жұмсақ қамырдан әзірленетін шағын, қалың, майға қуырылатын тағам. Дайын құймақтың қалыңдығы — 5—6 мм. Құймақты дастарқанға қаймақпен, тосаппен, балмен қояды.
Способ приготовления
- 1.Ашытқы жылы сүтке немесе суға езіледі де, ұнға қосып қамыр иленеді. Ол көтерлу үшін 15-20 минут жылы жерге қойылады да, тұз, қант қосылады.
- 2.Сондай-ақ өсімдік майы құйылады. Сөйтіп тағы да көтеруліге қойылады.
- 3.10-15 минуттан кейін қамыр араластырылмай, шетінен ас қасықпен алынып, ыстық табаға аз-аздан құйылады да, аударылыстыра отырып, екі жағы бірдей қуырылады.
- 4.Дастарқанға әкелерде құймақтың үстіне қаймақ, бал, ерітілген сары май құюға болады.