Описание
Қазының пайдасын қазір қазақ қана емес, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері де жақсы біліп алған. Ендеше, қай-қайсымызға да қазы айналдыруды біле жүрген артық болмас.
Способ приготовления
- 1.Семіз жылқыдан 24 қазыға дейін айналдырады. Қазы айналдырғанда, жылқының екі жақ сүбе қабырғасын екі бөлек алып, 5-7 сағат іліп қойып сорғытады.
- 2.Қазы айналдыратын ішекті бірер сағат тұзды суға салып қояды. Айналдыратын қазы мен шұжыққа қатты ағаш жаңқалары-нан, тобылғыдан істіктер әзірлейді.
- 3.Тобарсыған қазының етегінің қалың-жұқалығына қарай, одан неше қазы шығаратыны мөл-шерленеді. Өйткені, қалың қазы енсіз, жіңішке тілінеді де, жұқа қазы жалпақтау тілінеді. Әйтпесе, жалпақ тілінген қалың қазы ішекке сыймай, айналдыруға келмейді. Айналдырар алдында қазыны тұздайды.
- 4.Содан соң оны ішекке тығуға ыңғайлы етіп кесіп, бұрыш, сарымсақ, тұзбен араластырып (лавр жапырақтарын қоссаңыз да болады), тұзы сіңгенше екі сағатқа жайып қою керек.
- 5.Дайын болған соң ішектің бас жағын түйіп (егер ішектің сыртында майы болса, оны ішке қаратып айналдырсаңыз, еті дәмдірек болады), ішінде ауа қалдырмай, ішекті тесіп алмай қазыны саламыз. Дайын болған қазыны кептіріп, сүрлейміз.
- 6.Қазы семіз, арықтығына қарай түрліше аталады. Оны елі, бармақ, шынашақпен өлшейді. Қазының атауы: кере қазы, тең, сере қазы, табалдырық (табан) қазы, би қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, т.б.
- 7.Негізі қазыны тұздап болған соң жаңа сойылған малдың терісіне орап қойса ол тұзды жақсы сіңіреді. Сондай ақ сүрленген қазыны қыстың күні ұнға салып сақтасаңыз, оның дәмі ерекше болады». Қазының пайдасын қазір қазақ қана емес, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері де жақсы біліп алған. Ендеше, қай-қайсымызға да қазы айналдыруды біле жүрген артық болмас.