Описание
Ішек-қарын қуырдағы - қазақтың ұлттық тағамдарының бірі.
Способ приготовления
- 1.Бүрі пышақпен әбден қырылып, жақсылап тазартылған қарын тұздалып, кастрюльге салынады. Үстіне салқын су құйылып, отқа койылады. Отты барынша күшейтіп тез арада қайнатылады да, лавр жапырағы салынып бұрышталады.
- 2.Содан кейін отты азайтыңқырап 1.5 сағаттай бүлкілдетіп қайнатылады. Қайнаған соң сүзіп алынып, суытылады да ұсақтап (төртбұрыштап) туралады.
- 3.Құйрық май қыздырылған табаға төрт бұрыштап туралған өкпе салып 20 минут қуырылады да аздан соң төртбұрыштап туралған жүрек, қой еті қосылып, бөрі тұздалады да одан әрі қурыла береді.
- 4.5 минуттан кейін манағы туралып қойған қарын салынады.
- 5.Сонан соң тағы 10 минут қуырылып, төртбұрыштап туралған бауыр, сақиналап кесілген пияз салынады да, үстіне сорпа құйылып, ыдыстың қақпағы жабылады. Сөйтіп дайын болғанша пісіріледі.