zmoj.livejournal.com
Описание
Әзірбайжандардың тұрмысындағы анағұрлым дәстүрлісі тағамдары болып қала береді. Қазірге дейін ауылдық жерлерінде тандырда пісірілген бидай ұнынан жасалған нанды ұнатады. Сонымен қатар, ұзыншақ болып келетін чурек-фэтир, көп уақыт сақтауға болатын жұқа нан – лаваш пісіреді. Бозбаш - ол да әзірбайжан ұлттық тағамы.
Способ приготовления
- 1.Қой еті жақсылап жуылады. Әрбір кесегі 30-40 грамнан келетіндей туралады. Кастрюльге салынып, үстіне су құйылады (ол суға ет толық батып жатуға тиіс). Тұздалып отқа қойылады. Қайнағаннан кейін бетіне шыққан көбігі алынады.
- 2.Екінші кастрюльге алдын ала іріктеліп, жуылған бұршақ салынып, үстіне 2-3 кесе салқын су құйылады да отты басыңқырап қойып, қайнатылады.
- 3.Шамамен бір сағат өткен соң бұршақ пісіп жатқан кастрюльге бірінші кастрюльдегі піскен ет салынып, сорпа құйылады.
- 4.Ұсақтап туралған пияз, картоп, алма, соңдай ақ томат пюре салынады. Тұздалып, бұрышталады. Содан кейін кастрюльдің қақпағы жабылып, жарты сағаттай бұқтырылады.
- 5.Піскен бозбаш дастарқанға әкелерде тарелкаға құйылып, үстіне көк себіледі.